title
stringlengths
1
135
text
stringlengths
200
213k
Қазақстан
Қазақстан , толық атауы Қазақстан Республикасы — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларынан, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне созылады. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдер...
Шымкент
Шымкент — Қазақстандағы республикалық маңызы бар қала, халық саны бойынша елдегі қалалар арасынан үшінші орында. 2018 жылғы 19 маусымға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болған, бұл қалада қазір 1 028 673 адам тұрады (2019). Шымкент Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда халық саны бойынша 3-орында. Сон...
Ресей
Ресей (; ресми түрде — Ресей Федерациясы , қысқартылған атауы — РФ ) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Аумағы бойынша дүние жүзіндегі ең ірі мемлекет, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқында...
Қытай
Қытай (ресми — Қытай Халық Республикасы, қысқартылған — ҚХР; ) — Азия құрлығында орналасқан ірі социалистік мемлекет. Халық саны бойынша әлемдегі 2-ші мемлекет (1,4 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлар); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы ...
Қырғызстан
Қырғызстан , ресми Қырғыз Республикасы — Орталық Азияда орналасқан таулы, мұхитқа шыға алмайтын мемлекет. Астанасы және ең ірі қаласы – 624 мың адам тұратын Бішкек қаласы. Халқы 7 037 590 адам. Халқының көпшілігі қырғыздар (72,6%), басқа ұлт өкілдері ішінен орыстар (6,4%), өзбектер (14,5%), украиндар, татарлар, қазақта...
Өзбекстан
Өзбекстан , ресми атауы — Өзбекстан Республикасы — Орталық Азияда орналасқан тәуелсіз мемлекет. 1992 жылғы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша — президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Президенті 5 жылға сайланады. Жоғары заң шығарушы органы (Олий Мәжіліс) қос палаталы болып келеді және Заң Шығар...
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (1920-1991) — КСРО жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, одақтас кеңестік социалистік республика. Аумағы жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші орында. Халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Мемлекеттік құрылым 1978 жылы 20 сәуір...
Гагра
жағынан көрінісі]] Га́гра — Қара теңіз жағалауында орналасқан дауалы жері (курорты) бар қала. Сыртқы сілтемелер * [http://gagra-city.com| Официальный сайт города Гагра] * [http://gagra.iatp.org.ge/index-eng.htm gagra.iatp.org.ge/index-eng.htm] * [http://gagra.narod.ru gagra.narod.ru] Дереккөздер
Қазақ (айрық)
Қазақ сөзі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін: * Қазақтар — этникалық қауым. * Қазақ (этноним) – Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. * Қазақтар (этногенез). * Қазақтар диаспорасы. Елді мекендер: * Қазақ — Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл. * Қазақ — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл. * Қазақ ...
Қарағанды
Қарағанды — Орталық Қазақстандағы қала, Қарағанды облысының орталығы. Қазақстан қалаларының халық саны бойынша Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе шаһарларынан кейін 5-ші орында орналасқан. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды. Қала аумағы 543,3 шаршы километр...
Барыс (жануар)
Қар барысы, Ілбіс Орталық Азия тауларын, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық. Көп түркі және көшпенді елдер үшін, барыс ұлттық таңба. Алматы қаласының қалатаңбасында - барыс, Татарстан Республикасының елтаңбасында - қанатты барыс. Қазақ ежелден барыстың тектілігін, батылдығын, айлаке...
Түрікменстан
Түрікменстан — мұхитқа шыға алмайтын Орталық Азиядағы мемлекет, халық саны шамамен 6 миллион адам. Орталық Азия аймағындағы халқы ең аз мемлекет болып келеді. Ең ірі қаласы және елордасы — Ашхабад. Солтүстік-батысында Қазақстанмен, солтүстік, шығыс және солтүстік-шығысында Өзбекстанмен, оңтүстік-шығысында Ауғанстанмен,...
Қазақстан қалалары
Қазақстанда қала мәртебесіне ие 90 елді мекен бар. Оның 3-і республикалық, 39-ы облыстық, 48-і аудандық маңызға ие. 2023 жылғы мәлімет бойынша республика тұрғындарының 60,2%-ы қалалық жерде шоғырланған. Қалалардың көпшілігі Ақмола облысы (11 қала) мен Ақтөбе облысы (8 қала) аумағында шоғырланған. Қазақстандағы қала хал...
Ақмола облысы
Ақмола облысы — Қазақстанның солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1939 жылы құрылған, 1961–1992 жылдары Целиноград облысы болып аталды. Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 738 611 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,05 адамнан келеді (2018). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінд...
Алматы облысы
Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлігі. Жерінің аумағы 105,3 мың км 2 . Облыс аумағында 9 аудан және 2 облыстық маңыздағы қала бар. Тұрғыны 1 505 984 адам (2023). Әкімшілік орталығы — Қонаев қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солт...
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан облысы. Территориясы бойынша ең үлкен облыс. Солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қостанай облы...
Атырау облысы
Атырау облысы — Қазақстанның батысында орналасқан облысы, аграрлы-өнеркәсіптік инвестициялық аумақ, 1938 жылы Гурьев облысы деген атаумен құрылған. 1992 жылы қазіргі атауына ие болды. Орталығы — Атырау қаласы. Географиясы Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау ...
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы облысы. Облыс 1932 жылғы 10 наурызда Батыс Қазақстан облысы болып құрылған. 1962 жылы Орал облысы болып өзгертілген. 1992 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы — 151,3 мың км², тұрғындары 646 828 адам (2018). Әкімшілік жағына...
Жамбыл облысы
Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан облысы. Шығысында Алматы, батысында Түркістан, солтүстігінде Ұлытау және Қарағанды облыстарымен және оңтүстігінде Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. ...
Қарағанды облысы
Қарағанды облысы – Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан облысы. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Жер аумағы 239,0 мың км². Тұрғын саны 1 134 753 адам, орташа тығыздығы 1 км 2 -ге 4,7 адамнан келеді (2023). Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Абай облысы, батысында Ұлытау, оңтүстігінде Жамбыл, оңтүстік-...
Қостанай облысы
Қостанай облысы — Қазақстан Республикасының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1936 жылы 29 шілдеде бұрынғы Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде құрылған. Облыс орталығы – Қостанай қаласы. Жер аумағы 196 мың км². Географиялық орны Қостанай облысы солтүстік-батысы мен солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Че...
Қызылорда облысы
Қызылорда облысы — Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан облысы. Облыс 1938 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Жер аумағы 226 мың км² (Қазақстан жерінің 8,3% -ы). Тұрғыны 783 099 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 3,4 адамнан келеді (2018). Облыс орталығы — Қызылорда қаласы. 1997 жылғы 17 маусымда Қазақстан президентінің...
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысы — Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлігі. Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түрікменстан мен Өзбекстан мемлекеттері және Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылғы 20 наурызда құрылды. 1988 жылғы 2 маусымда таратылып 1990 жыл...
Түркістан облысы
Түркістан облысы (1932-1962, 1992-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы және 1962–1992 жылдары Шымкент облысы) — Қазақстанның оңтүстігіндегі облысы. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 2018 әкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістанға ауыстырылды; Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, Оңтүстік Қазақстан облы...
Павлодар облысы
Павлодар облысы — Қазақстанның солтүстігіндегі облысы. Облыс орталығы — Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Жаңасібір облыстарымен, шығы...
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысы — Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі облысы. Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, 1752...
Шығыс Қазақстан облысы
)]] Шығыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1997 жылғы 23 мамырдағы № 3528 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыс құрамына таратылған. Семей облысының территориясы қосылып, 2022 жылы 8 маусымда Абай облысы болып қ...
Ясы
Ясы деген сөз шығу төркіні “Ясы шаһары Имам ат-Табаридің (838-923) “Тарих ар-русул уа-л мулк” – “ Пайғамбарлар мен патшалар тарихы”, Әл-Мұқаддасидің (946-1000) “Ахсан ат-тақасим фи мағрифат әл-ақалим”– “Климатты білудің тиімді жолдары”, Әл-Истахридің (850-934) “Әл-Масалик уә-л мамалик” – “Жолдар мен мемлекеттер”, Әл-Бә...
Қазақтың саз аспаптары
Қазақтың саз аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі. Ертеде саз аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа да түрлі заттардан жасаған. Халқымыздың жыр аңыздарынан, дастандарынан және өткен ғасырлардағы с...
Үндістан
Үндістан ( Bhārat, ), ресми атауы — Үндістан Республикасы ( Bhārat Gaṇarājya, ) — Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістанда 1 210 193 422 адам – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақ...
Қазақ тілі
Қазақ тілі (төте: , латын: qazaq tılı) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен ...
Тәжікстан
]] Тәжікстан , ресми атауы — Тәжікстан Республикасы — Орталық Азиядағы тәуелсіз мемлекет. Астанасы — Душанбе қаласы. Ресми тілі — тәжік тілі. 1994 жылы қабылданған Конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Заң шығарушы органы – Маджлиси Оли. Тәжікстан құрамына Таулы Бадахшан автономиялы...
Армения
{{Мемлекет * 1500–1290 жыл (Хайаса) * 14 ғасыр 1190 жыл (Шубирия) * 860–590 жыл (Урарту) * 6 ғасыр жыл (Ервндиттер) * 190 жыл Ұлы Армения Королдігі біріктірілген Арташесдттер * 52–428 жыл (Аршакуни) * 885–1045 жыл (Ани патшалығы) * 1198–1375 жыл (Киликия армян мемлекеті) Ұлттық жиналыс Мемлекеттік рәміздері Тарихы Арме...
Әзербайжан
Әзербайжан (Әзірбайжан, ), ресми атауы — Әзербайжан Республикасы — Азия мен Еуропа аралығында, Оңтүстік-Шығыс Кавказда орналасқан тәуелсіз мемлекет. Ол солтүстікте Ресейдің Дағыстан Республикасымен, оңтүстікте Иранмен және батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахшыван Автономиялы Республикасы оңтүстікте Иранм...
Грузия
Грузия ( , Сакартвело) — Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауларының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. 66 әкімшілік ауданға бөлінеді. Құрамына Абхазия (1931) және Аджария (1921) республикалары енеді. Жер көлемі — 69,7 мың км². Халқы — 3,9 млн. Тұрғындарының 70,1%-і грузиндер (гүржілер). Бұдан басқа ар...
Молдова
Молдова , ресми атауы — Молдова Республикасы (рум. Republica Moldova) — Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Украинамен және Румыниямен шектеседі. Аумағы 33 846 км², дегенмен де-факто аумақтың шамамен 12,3% (танылмаған Приднестровия Молдова Республикасы) Молдова билігінің бақылауында емес. 2014 жылғы халық сана...
Украина
Украина (, ) — Шығыс Еуропадағы ірі мемлекет және Еуропадағы екінші ең ірі ел, 24 облыс пен Қырым Автономиялық Республикасынан тұрады. Жер көлемі 600 мың шаршы шақырымға тең. Солтүстігінде Беларусьпен, батысында Польша, Словакия мен Мажарстанмен, оңтүстік-батысында Румыния мен Молдовамен, шығысында Ресеймен және оңтүст...
Абай Құнанбайұлы
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасты ислам дініне таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай...
Еуропа
Еуропа (, семит тілінің “эреб” — “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) — Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрлығын құрайтын әлем бөлшегі. Аумағы 10 млн. км 2 жуық, халқы 826 млн. адам (2000, Ресейді қоспағанда). Азиямен арадағ...
Терісқақпай (Құрманғазының күйі)
Терісқақпай - Құрманғазының күйі. Р. Омаровтың орындауында осы жолдардың авторы өз қолынан үйреніп, сол қалпында беріп отырды. Р. Омаров көп жылдар Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің жетекші домбырашысы болып жұмыс істеді. Сыртқы сілтемелер * Қали Жантілеуовтың орындауында ("Асыл мұра" ...
Қазақ Ордасының жылнамасы
Қазақ хандығының тарихи таңбалы оқиғалар Жылнамасы: 15 ғ * 1456 — Қазақ Ордасы құрылды. Ел бастаған Керей хан мен Жәнібек хан Шу, Талас алқабына ірге тепті. * 1456—1470 шамасы — Керей хан билік құрды. Орда орнықты. * 1460 — Керей хан мен Жәнібек хан Моғолстанның Есен Бұға ханымен одақтаса отырып, қалмақ (ойрат) шабуылы...
Баян-Өлгей аймағы
Баян-Өлгий аймағы – Моңғолияның 21 аймағының ең батыстағы ең биік таулы аймағы. 1940 ж. құрылған. Аймақ орталығы — Өлгий қаласы. Аймақ 13 аудан (сум) және 100 шағын ауданнан (баг) тұрады. Әкімі – Заңғар Есентай. Баян-Өлгий аймағының адам саны 110 мың 799, халқының 90% — қазақтар, қалғаны моңғолдың уранхай, дөрвөд рулар...
Іле Қазақ автономиялық облысы
(, , , ) — Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына кіретін Қытайдың автономия ішіндегі автономиялық әкімшілік-аумақтық бірлігі. Облыс орталығы - Құлжа (қытай транскрипциясында - Инин) қаласы бір мезгілде Іле аймағының да орталығы болып табылады. Қытайдағы бірден бір орынбасар өлке дәрежелі автономиялық облыс. Шекараласуы Іл...
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соқтығысады....
Көптік жалғау
Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер). Көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын бұдан басқа екі түрлі морфологиялық форма бар. Оның ...
Тәуелдік жалғау
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейд...
Менің Қазақстаным (ән)
«Менің Қазақстаным» — қазақ халқының ұлттық патриоттық рухын, туған жерге деген сүйіспеншілікті паш ететін әйгілі ән. Бұл әннің сөзі Жұмекен Нәжімеденовке, ал әуені Шәмші Қалдаяқовқа тиесілі. 1956 жылы жазылған бұл туынды алғаш рет халыққа ұсынылған сәттен бастап кең танымалдыққа ие болды. Әнде Қазақстанның кең байтақ ...
Мағауия Хамзин
Мағауия Хамзин (29 желтоқсан 1927 жылы, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қоңырат кенті - 2000) - домбырашы, күйші-композитор, шертпе күйді шебер орындаушылардың бірі. Қазақстанның халық артисі (1979). Әкесі Хамза мен ағасы Әшімтай ғажайып музыканттар болды. Арғын тайпасы Тобықты руының дадан бөлімінен шыққан. Кү...
Әбікен Хасенов
Әбікен Хасенов (1897, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы - 30.10.1958, Алматы) - қазақтың күйші-домбырашысы, шертпе күйдің шебері, актер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі (1945). Домбырашылық өнерге баулыған әкесі Хасен, немере ағасы Мақаш Садуақасұлы және Ақмолда Дүйсенұлы болды. Кейіннен ол белгілі күйші-домбыра...
Дина Кенжеқызы Нұрпейісова
Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861, Бекетай құмы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 31 қаңтар 1955, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі. Өмірбаяны Төлеңгіт руынан шыққан. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өн...
Түркі тілдері
Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер жанұясы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады. Түркияда әде...
Естай Беркімбайұлы
Естай Беркімбайұлы (1874 жыл, қазіргі Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, қарасты Ақкөл ауылы – 15 наурыз, 1946 жыл) — қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939). Өмірбаяны * Ол кедей отбасында туған. Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі ...
Текелі
Текелі — Қазақстан Республикасы, Жетісу облысына бағыныстағы қала (1952 жылдан). Географиялық орны Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан. Аумағы 0,1 мың шаршы км (61,33 га). Қала Текелі өзенінің сол жағалауында, Жетісу Алатауының батыс сілемдері шатқалының бірінде, теңіз деңгейінен 95...
БТА Банкі
{{Банк Басшылары * Өмірзақ Шөкеев (1997—1998) * Ержан Тәтішев (1998—2004) * Сәдуақас Мәмештегі (2005—2007) * Роман Солодченко (2007—2009) * Әнуар Сәйденов (2009—2011) * Марат Зайыров (2011—2012) * Ерік Балапанов (2012—2013) * Қадіржан Дәмитов (2013—2014) * Мағжан Әуезов (2014—2015) Еншілес банктері * Темірбанк * БТА Ба...
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде наважаңа + рәзаңһкүн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (ножаңа + роузкүн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өс...
Атырау
Атырау — Атырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Тұрғыны 316 449 адам (2023). Атырау қаласынан Астанаға дейінгі қашықтық 1810 км. Атауы Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын ...
Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев (7 қаңтар 1951 жыл, Жамбыл ауданы, Алматы облысы — 4 тамыз 2025 жыл) — кеңестік және ресейлік ғарышкер, қазақстандық мемлекет қайраткері, Қазақстан Халық қаһарманы, Ресей Федерациясының батыры, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007), Қазақстанның екінші, Ресе...
Домбыра
Домбыра — қазақтар, ноғайлар және қалмақтар мәдениетінде бар екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халы...
Адырна
Адырна - # қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б.з.б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны ...
Қылқобыз
Қылқобыз — екі ішекті, ыспaлы музыкалық аспап. Қылқoбыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9-10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Жалпы, ұлттық аспaптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қaтaр, қанша ғасырлар қойна...
Катовице
Катовице (, ) — Польшаның оңтүстігіндегі Жоғарғы Силезиядағы қала, Силез воеводалығының астанасы. XVI ғасырда негізі қаланған, 1865 жылы Пруссия королі І Вильямның шешімімен қала мәртебесін алды. 2004 жылы Катовице халқының саны 321 163 адам, агломерацияда барлығы 3 487 000 адам тұрады. Катовице - Жоғарғы Силезия мен П...
Алматы
Алматы (1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату (Алмалы)) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 897 143 адам тұрады (2019). Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18.8 млрд АҚШ долларын, ал жан б...
Велосипед
сы]] Велосипед (, шығу тегі — жылдам, жедел және pes — аяқ) — адам күшімен қозғалатын көлік түрі. Көбінесе екі доңғалақты, кейбір кездерде үш доңғалақты түрлері де кездеседі. Бірінші велосипедтер Еуропада 19 ғасыр пайда болып, одан бері әлемге кең тарап, қазіргі дағдылы кейіпіне дейін дамып келген. Бүгінгі күні саны 1,...
Библия
Библия, немесе Киелі Кітап (, tà biblía, «кітаптар»), — христиан дінінің киелі, қасиетті делінген кітаптарының жиынтығы. Онда Құдай мен адамның байланысы түсіндіріліп, христиандар, яһудилер, самариялықтар және растафарилер айтылған. Библия екіге бөлінеді: яһудилер мен христиандарға ортақ Көне келісім (яһудилікте — Тана...
Шәмші Қалдаяқов
Шәмші Қалдаяқов (15 тамыз 1930, Отырар ауданы – 29 ақпан 1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық әртісі (1991), Қазақстанның Еңбек Ері (2022, қайтыс болғанынан кейін). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан. Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақста...
Ашық Тізімдеме Жобасы
Ашық Тізімдеме Жобасы . Басқа атаулары: ODP, DMoz (D — , Moz — Mozilla) — Netscape иелі көп тілді Интернет сілтемелерінің ашық тізімдемесі. Құрылтайшылары және сүйемелдеушілері ерікті өңдеушілер шартты қауымы деп есептеледі. Тізімдеме 1998 ж. бастап іске кірген. Ағымдық 2006 ж. 1 маусымында тізімдеменің жария бөлшегіні...
Футболдан 2006 жылғы әлем біріншілігі
Футболдан әлем чемпионаты 2006 (немесе ФИФА Әлем Кубогы 2006) — 9 маусым 2006 — 9 шілде 2006 уақыт аралығында өтеді. Әлем чемпионы деген аса бағалы атақты кім ұтатыны финалдық матчта анықталды. 2006 жылғы чемпионатының соңғы турын өткізуге бәсекелескен 5 елдің (Германия, Англия, Бразилия, Марокко және Оңтүстік Африка) ...
Медеу
, VІІ қысқы Азия ойындары]] Медеу спорт кешені — жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биікте орналасқан. Тарихы Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу спорт кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қ...
Абай
Абай сөзі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін: Тұлғалар * Абай Құнанбайұлы — қазақтың ақыны. Елді мекендер Ақмола облысы * Абай — Егіндікөл ауданындағы ауыл. * Абай — Қорғалжын ауданындағы ауыл. Ақтөбе облысы * Абай — Хромтау ауданындағы ауыл. Алматы облысы * Абай — Қарасай ауданындағы ауыл. Батыс Қазақстан облысы * Абай ...
Төлеген Момбеков
Төлеген Момбеков (1918, Созақ ауданы, Сызған ауылы - 1997) — күйші. ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қоңырат тайпасы Саңғыл руынан шыққан. Шығармалары 1943 жылдан мәдениет саласында қызмет еткен. Алғашқы ұстазы — өз атасы Бапыш Қожамжарұлы. "Қаратау", "Қара жорға", "Ы...
Халықаралық фонетикалық әліпби
Халықаралық фонетикалық әліпби (ХФӘ) (, қысқ. IPA;) — негізінен латын әліпбиіне негізделген фонетикалық нотацияның алфавиттік жүйесі. Ол XIX ғасырдың соңында халықаралық фонетикалық қауымдастықпен әзірленген ауызекі тілдің дыбыстарының стандартталған көрінісі. ХФӘ-ны лексикографтар, шет тілі студенттері мен оқытушылары...
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова
Мәншүк (Мәнсия) Жиенғалиқызы Мәметова (23 қазан 1922, Жиенқұм, Бөкей Ордасы ауданы, Батыс Қазақстан облысы – 15 қазан 1943, Невель, Калинин облысы, РКФСР) — 100-атқыштар бригадасының пулеметшісі, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген тұңғыш қазақ қызы(1944). Өмірбаяны 1922 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысында дүниеге...
Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова
Қазақстан пошта маркасы, (Michel № 89)]] Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысы Новосокольники ауданы, Казачиха ауылы, РКФСР) — қазақ Кеңес Ода...
Махамбет Өтемісұлы
Махамбет Өтемісұлы (1804, Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының Нарын құмындағы Жасқұс — 20 қазан 1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті (1836–1837) ұйымдастыру...
Исатай Тайманұлы
Исатай Тайманұлы (1791–1838) – 1836–1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. Өмірбаяны Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауд...
Тарас Григорьевич Шевченко
Тарас Григорьевич Шевченко (; 9 наурыз, 1814 жыл, Киев губерниясы – 10 наурыз 1861 жыл, Санкт-Петербург) — украин ақыны, жазушысы, қоғам және саяси қайраткері, фольклорист пен этнографы. Шевченко Императорлық көркемөнер академиясының (1860) және Кирилл-Мефодий бауырластығының мүшесі болды. Шевченко украин тілінде поэзи...
Түркия
Түркия , ресми аталуы Түркия Республикасы — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-ші орын алады (783,562 км²). Халық саны – 82 003 882 адам. Тәуелсіздігін 1923-ші жылы алған, астанасы Анкара қаласы. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан,...
PHP
PHP ( — «PHP: еренмәтінді алдын-ала үдірістегіш») — Веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті бағдарламалау тілі. Қазіргі күндерде хостинг қызметін ұсынатындардың көпшілігімен қолданады. LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді. Тілдің оңайлығы, орындалу жылда...
Windows сөзнамасы
А ; Алмалы дискі (Floppy disk) : Диаметрі 3,5 дюймді құрайтын, көп дүркін пайдаланылатын магнитті арқау. Қазіргі кезде сыйымдылығы 1,44 МБ алмалы дискілер пайдаланылады. Дискілердің алғашқы үлгілерінің мұқабалары икемді болғандықтан, олар — иілгіш дискілер деп аталады. ; Апару (Move) : Таңдалған элементтің үстінен тінт...
Фенербахче (футбол клубы)
Фенербахче СК ( — Фенербахче спорт клубы, жалпы Фенербахче атауымен белгілі) — Ыстамбұл, Түркия спорт клубы. Ыстамбұл қаласының Фенербахче деген ауданында орналасқан. Аудан және спорт клуб атауы сол аудандағы белгілі бір ақ үйден шыққан ( — «ақ үй»). Осы клубтың ең әйгілі тарауы ескі уақыттан бері келген футбол тобы бо...
Мошовце
Мошовце – Словакияда Жилинск өңірінде Турчиск округінде орналасқан. Тарихы Турцадағы селоларының ең үлкені. Оның бай тарихын көптеген көз тартарлық көрікті орындары дәлелдейді, сонымен қатар оның тарихы 800 жылдан бері жазылып келуде. Мошовценің алғашқы аталуы 1233 жылы Андраш королінің құжатында кездеседі. Мошовце екі...
HTML
HTML ( — «еренмәтін белгілеу тілі») — вебшолғышта көрсетілуге арналған еренмәтін мен басқа ақпараттардан тұратын веб-парақшаларды жасауға арналған белгілеу тілі. HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипермәтіндік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай мәтін не...
Қазақстан жоғарғы оқу орындарының тізімі
Алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында «Қазақ мемлекеттік университеті» деген атаумен құрылған. 1930 жылы ол Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына айналды (қазір Абай атындағы ҚазҰПУ). 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті қайта құрылды (қазір Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ). 2024-2025 оқу ж...
Майкл Джексон
Майкл Джозеф Джексон (; 29 тамыз 1958, Гэри — 25 маусым 2009, Лос Анджелес) — АҚШ америкалық әнші, биші, музыкант, актер , филантроп, кәсіпкер, продюсер, композитор, хореограф. Оның ән жанрлары: поп-музыка, ритм-энд-блюз, соул, поп-рок, фанк, диско, пост-диско. Джексон 5 тобында жетекші вокалист болып өнер көрсетк...
Қожа Ахмет Ясауи
Қожа Ахмет Ясауи, халық арасында Әзірет (Хазрет) Сұлтан атымен танымал (1093 немесе 1103, туылған жылы анық емес, Сайрам — 1166, Түркістан) — ортаазиялық ойшыл, ислам уағызшысы, сопылық ақын. Өмірбаяны Қожа Ахмет Ясауи – туған жылы анық емес, кейбір зерттеушілер Қ.А.Ясауидің жетпіс үш жыл өмір сүргендігін және 1166 жыл...
Семей медицина университеті
Семей медицина университеті (СМУ) — 1953 жылы негізі қаланған 65 жылдық тарихы бар Қазақстан Республикасының ең көне оқу орындарының бірі болып табылады. Университет өзінің клиникалық базасы (Университет ауруханасы) және Павлодар және Өскемен қалаларында филиалдары бар Қазақстандағы ең ірі медициналық жоғары оқу орында...
Түркістан (қала)
Түркістан — Қазақстандағы қала, Түркістан облысы ның әкімшілік орталығы. . Қазақстанның ең көне қалаларының бірі, іргетасы V-VІ ғасырларда қаланған. Сипаттама Түркістан қаласы Шымкент қаласынан 170 шақырым қашықтықта орналасқан. Қаланың шығысы тарихи Отырармен, солтүстігі Кентау қаласы және Созақ ауданымен, батысы Қызы...
Өзбек тілі
Өзбек тілі (өз атауы — Оʻzbek tili, Ўзбек тили немесе Оʻzbekcha, Ўзбекча) — өзбектердің ұлттық және Өзбекстанның мемлекеттік тілі, түрік тілінен кейін сөйлеушілер саны ең көп түркі тілі. Дүние жүзі бойынша сөйлеушілер саны 45 миллионнан көп (2022). Көне жазба әдеби тілі XIV-XVI ғасырда қалыптасқан. Қазіргі әдеби тілі Қ...
Уикипедия
Уикипедия (, ХФӘ: , не , немесе ) — Уики технологиясының негізінде жасалған оқырмандар мен авторлар үшін тегін және ашық, көптілді, онлайн энциклопедия. Энциклопедия Уикимедиа қорының [https://www.wikipedia.org/ www.wikipedia.org] доменінде орналасқан. Жобаның иесі және оның дамуына жауапты Уикимедиа қоры болып саналад...
Ел тізімі (жалпы қабылданған атаулар)
Бұл тізімде әлем елдерінің ресми не жалпы қабылданған атаулары беріліп тұр. Кейбір елдер атаулары әлі де қазақ тілінде орын таппағандықтарынан бұл тізімге еңбей тұр. Толық ел тізімін қазақ фонетикасының заңдарымен келтірілген мына тізімнен қарай аласыз. А * – Ауғанстан Ислам Республикасы; Ауғанстан Ислам Әмірлігі (15 т...
Семей
Семей — 2022 жылдың 8 маусым айынан бастап ресми түрде Абай облысының әкімшілік орталығы. Ол Ертіс өзенінің екі жағасында орналасқан. Аумағы – ауылдық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы километр. 1782 жылдан бастап 1997 жылға дейін Семей (Семипалатинск) облысының орталығы болған. Гринвичтен 50° ендік және 80° бойлық сы...
Өскемен
Өскемен — Шығыс Қазақстан облысындағы қала, облыстағы өнеркәсіп, мәдениет орталығы. Қаланың негізі 1720 жылы Ертіс пен Үлбі өзендерінің құйылысында қаланған. Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4 мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқы - 333 112 ад...
Ақтөбе
Ақтөбе — Батыс Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қалалық әкімшілігінің орталығы. Ақтөбе Қазақстанның батысында, Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Қала ауданы — 297,39 км². 1997 жылы қала әкімшілігінің құзырына бұрынғы Ақтөбе ауданының аумағы өтті. Құрамына Ақтөбе қаласы мен көршілес бес ауылды...
Талдықорған
Талдықорған — Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан қала, Жетісу облысының орталығы. Тарихы Ең алғаш қазіргі Талдықорған аумағында орналасқан XIX ғасырдың екінші жартысында, яғни 1869 жылы "Гавриловка" ауылы бой көтерді. Бұл өңірді алғаш рет қоныстаған казактар болды. Кейін Жетісу облисполкомының ұйғаруымен 1920 ж...
Тараз
Тараз — Қазақстандағы қала, Жамбыл облысының әкімшілік орталығы. XVIII ғасырда бұл қала Әулие-Ата деп аталған. 1936–1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937–1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылғы 8 қаңтарда тарихи атауы — Тараз атауы қайтарылды. Тарихы Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірін...
Қостанай
Қостанай — Қостанай облысының әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы. Қазақстандағы аса ірі темір, әуе және автомобиль жолдары тораптарының бірі. Батыс Сібір ойпатының дала белдемі алып жатқан оңтүстік-батыс шетін құрайтын Қостанай жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Тобыл өзенінің, оған Әбілсай мен Қостанай деге...
Қызылорда
Қызылорда — Қазақстанның оңтүстігіндегі қала, Қызылорда облысының әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы (1938 жылдан). Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тұрғын саны 278 581 адам (2023). 8 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: Қызылорда қаласы, Тасбөгет, Белкөл кенттері, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзе...
Ақтау
Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады. 1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне "Шевченко" аталған болатын. Географиясы Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым же...
Павлодар
Павлодар — Қазақстанның солтүстік-шығысындағы қала (1861 жылдан), өзімен аттас облыс орталығы (1938 жылдан), ірі темір жол станциясы, өзен айлағы және әуе порты. Павлодар қаласы Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Қаланың климаты орташа, күрт континенталды. Облыс орталығының ауданы 633 шаршы км құрайды, 01.05.2023 ж. ...
Петропавл
Петропавл (, қазақша кеңінен қолданылып жүрген атауы «Қызылжар») — Солтүстік Қазақстан облысындағы қала, облыс орталығы (1936 жылдан бері). Қаланың негізі Есіл өзенінің оң жағалауында 1752 жылы қаланған. Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жа...